Жетісу облысында 186 адам қызылша жұқтырды

Уақыты: 11.10.2023
Оқылды: 928
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Жетісу облысында жыл басынан қызылша дертін жұқтырды деген 255 жағдай тіркелген, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Ұлттық телеарнаның жариялаған ақпаратында зертханалық сынамалардан кейін 186 адамның індеті расталған. Ауруға шалдыққандардың 83 пайызы, яғни 155-і бала екені жазылған.

Инфекциялық індеттің асқынуының басты себебі - уақытылы екпе алмау дейді, сала мамандары. Адамнан адамға жұғатын дерттің инкубациялық кезеңі 7-21 күн.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл індеттің арнайы емі жоқ. Ал жұқтырмаудың ең тиімді жолы – вакцинация.

Екпе алмағандар арасында тіркелу 87,6 пайызын құрап тұр бүгінгі күнге. Қазіргі уақытта облысымызда жағдай тұрақты. Бүгінгі күнге өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ. Асқынулар болған жоқ, - дейді Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекші маманы Гауһар Башаева.

Сурет: ғаламтордан алынды