Кімнің тісі тегін емделеді?

Уақыты: 01.12.2023
Оқылды: 939
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

МӘМС бойынша сақтандырылған азаматтарға стоматолог қандай жағдайда тегін көмек көрсетуі тиіс? 

Стоматологиялық қызмет 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, 1,2 және 3 топтағы мүгедектер, «Күмiс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерінің иелеріне ақысыз көрсетіледі. Сондай-ақ, тіс емдеу қызметі   атаулы әлеуметтік көмек алушылар, инфекциялық, әлеуметтік мәні бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқатқа шалдыққан науқастар, мүгедек бала немесе бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға қызмет тегін. Осы санаттағы азаматтарға  ауырсынуды басу препараты, химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбаны дайындау және салу,  ауырсынуды басу арқылы тіс жұлу, периостотомия,  абсцесстерді ашу  түрлері қолжетімді.  

Сондай-ақ, жоспарлы түрде стоматологтың қызметіне 18-жасқа дейінгі балалар  мен жүкті әйелдер тегін жүгіне алады.     Одан бөлек, жақ-бет аймағында туа біткен патологиясы бар балаларға арнайы ортодонтиялық пластина орнату бойынша стоматологиялық қызмет тегін жасалады.    Стоматологиялық көмек алу үшін учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес. Баратын тіс емханасы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болу керек. Облыс МӘМС аясында қызмет көрсететін стоматологиялардың тізімін fms.kz сайтынан көре аласыздар.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: kazmedikor.com