БЕТПЕРДЕ ТАҚПАЙТЫН АДАМДАР ҚАУІПТІ: РЕСЕЙ ДӘРІГЕРІ ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

Уақыты: 14.11.2020
Оқылды: 1066
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, пульмонолог (өкпе қабынуын қарайтын маман) Александр Карабиненко коронавирусқа қатысты ең қауіпті тасымалдаушыларды атады.

Бұл ақпаратты ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мүшелері бөліскен. Ресей дәрігерінің айтуынша, бетперде тақпайтын, бірақ коронавирус инфекциясымен ауырып, сауығып шыққан адамдар ең қауіпті вирус тасымалдаушылар болып саналады. Себебі, науқас сауыққаннан кейін де, вирус оның жоғарғы тыныс жолдарында сақталып қалады. Осылайша, жазылған адамдар вирусты басқаларға таратуын жалғастыруда.

- Емделген коронавирус бетпердесіз жүретін адамдарды жұқтырудан құтқармайды, - дейді А.Карабиненко. Ол емделіп шыққан адамдардың індетті еркін және еш кедергісіз тарататынын атап өтті. Сондықтан, ауырғандар да, ауырмағандар да бетпердемен жүрсе, қауіп айтарлықтай азаятыны мәлім болып отыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"