ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТА АЛА МА? ОНЛАЙН ФОРУМ

Уақыты: 31.08.2022
Оқылды: 1290
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

ZOOM онлайн-алаңында «Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі» тақырыбында оңтүстік облыстардың өңірлік форумы өтті. Форумға 592 адам қатысты.

Бұл шараның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын, ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға жәрдемдесу. Оның міндеті – ауыл мен оның аумағын тұрақты дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін өрістету, ауыл тұрғындарының өнімді жұмыспен қамтылуы және өзін-өзі жұмыспен қамтуы арқылы ауылдағы тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру.

Форумда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті өңірлердегі АӨК дамыту басқармасының басшысы Бағлан Аймұрзаев сөз сөйледі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің басқарма басшысы Мерей Исаева өз баяндамасында екінші деңгейдегі банктердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының жұмысы, оның табысты кейстері мәселесін атап өтті.

Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі «Coca-Cola» компаниясының үкіметтік және қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Александра Аккирман «Coca-Cola белестері» жобасы, «Business Team», «Ауыл өнімі» бағдарламалары, «Жеке қосалқы шаруашылықтар» онлайн-мектебі туралы айтып берді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қонаев қаласы,

Алматы облысы