ЖАРКЕНТ ҚАЛАСЫНДА "БІР ТЕРЕЗЕЛІ" СЕРВИСТІК ӘКІМДІК ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Уақыты: 08.12.2020
Оқылды: 973
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті және Алматы облысы әкімдігінің ұсынысымен Панфилов ауданының орталығы - Жаркент қаласында Сервистік әкімдік ашылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Енді тұрғындар әр бөлімдерді іздемей-ақ қажетті қызметтерді бір ғимаратта ала алады.

Мемлекеттік орган жұмысының жаңа моделі халыққа «бір терезе қағидаты» бойынша әлеуметтік маңызды мәселелер мен мемлекеттік қызметтер туралы кеңес беру және көмек алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғимарттағы «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы мен «Жетісу – адалдық алаңының» Панфилов аудандық жобалық кеңсе өкілі тұрғындарға тиімді қызметтер ұсынады.

«Open space» қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталықта 6 мекеме тұрғындарға 37 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Мұнда күту залы мен балаларға арналған шағын ойын алаңы бар. Электронды түрде кезек көрсететін сервистік әкімдікте барлық қолайлы жағдай жасалған. Қазірдің өзінде қызу жұмысын бастаған орталыққа келуші тұрғындар дән риза.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"