"Қазақстанның халық әртісі" атағы қайта қалпына келтіріледі

Уақыты: 29.03.2023
Оқылды: 1800
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанның халық әртісі" атағын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақорданың Telegram арнасы дерегіне сүйеніп хабарлайды.

- Тағы бір маңызды мәселе бар. Мәдениет саласындағы саясатты жан-жақты ойластырып жүргізу керек. Қазір бұл саланы өркендету үшін жаңа тұжырымдама жасалып жатыр. Бұл құжат еліміздің мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде шешуші рөл атқарады деп сенемін. Шығармашыл зиялы қауым көпшіліктің көңілінен шығатын, мемлекеттің мүддесіне сай келетін туындылар ұсынады деп үміттенемін", - дейді Президент.

Әрі "Қазақстанның халық әртісі" атағын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдағанын жеткізді. 

- Осы ретте, креативті индустрияға жүйелі қолдау көрсету өте маңызды. Адам капиталын тұрақты дамыту жылдам өзгеріп жатқан қазіргі әлемде табысты ел болудың басты кепілі болады деп санаймын. Біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру арқылы әділетті мемлекеттің және үйлесімді қоғамның негізін қалаймыз. Мен "Қазақстанның халық әртісі" атағын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдадым. Биыл қазан айында – Республика күнінде осы атаққа лайықты мәдениет қайраткерлерінің алғашқы тобы марапатталады, - деді президент.

Фото: көрнекілікке алынды

Тағы да оқыңыздар:

 "Мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады": Тоқаев мектепке кез келген адамды ала бермеуді ескертті

ТОҚАЕВ: Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті.