Жетісу облысында жыл басынан бері 6500-дей жас жұмысқа орналастырылды

Уақыты: 17.10.2023
Оқылды: 1024
Бөлім: ОН САУСАҚ

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне қарағанда, 1 қазандағы мәлімет бойынша Жетісу өңіріндегі жұмыспен қамту органдарына 12 440 жас жүгінген, соның 6577-сі жұмысқа орналастырылды, сол қатарда 3931 жас тұрақты жұмысқа тұрдыдеп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қоғамдық жұмыстарға жастар арасынан 1544 адам, әлеуметтік жұмыстарға – 117 адам, жастар практикасына – 629 түлек, алғашқы жұмыс орнына – 331 адам, ұрпақтар келісімшартына – 25, қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 242 тартылды. Электронды еңбек биржасында онлайн оқудан өткендер – 640, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1735 адам жолданды, грант алғандар – 82, шағын несие алғандар – 268 адам.

Жалпы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы шеңберінде қысқа мерзімді оқыту бойынша биыл 800 адамды оқыту жоспарланған, оған 283,6 млн.теңге бөлінді. Ол үшін өңірлік комиссия бүгінгі күні оқу орындары мен орталықтардың тізімі жасап, бекітті. Бұл тізімге облыстағы 9 колледж бен 22 оқу орталығы енгізілген.

Қазіргі кезде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 651 адам жолданды, оның ішінде жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қысқа мерзімді оқытуға 628 адам және жұмыс берушілердегі бар жұмыс орнындарына 23 адам жіберілді. Бұл ретте әзірге белгіленген жоспардың орындалуы - 81,3%. Қысқа мерзімді оқуды 464 адам аяқтап, олардың 435-і тұрақты жұмысқа тұрды, бұл жоспардың 93,8%-ы, - дейді басқарма басшысы Ермек Мизамбаев.

Облыстың мансап орталықтарының мәліметтеріне қарағанда, техникалық мамандықтарға, сұлулық саласындағы мамандарға деген қажеттілік көп екені байқалады. Атап айтқанда, дәнекерлеуші, автомобиль жөндеуші слесарь, технологиялық қондырғыларды жөндеуші слесарь, электрондық-есептеу машиналарының операторы, ветеринариялық санитар, ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі, аспаз, электргаз дәнекерлеуші, электромонтер (барлық атауы), кондитер, пішуші, бухгалтер, жиһаз жинақтаушы, маникюр шебері, тігін ісінің шебері және т. б. мамандықтар бойынша оқытылады.