ЖУРНАЛИСТЕР ҮЙІНДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Уақыты: 31.08.2022
Оқылды: 1128
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Журналистер үйінде «Өлке тынысы» ЖШС комплаенс-офицері Жанар Хабасованың ұйым қызметкерлерімен кезекті кездесуі өтті.

Жиын барысында комплаенс қызметінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу туралы сөз қозғалды.

Спикер "Жарнама туралы Заңның" және онымен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілердің ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ережелерін түсіндірді.

Атап айтқанда, тіл саясаты, лицензияланатын қызмет саласындағы жарнама беруші клиенттермен жұмыс істеу, көрсетілетін қызметтерді орындау шарттары, сондай-ақ, шарттарды жасау және жасасу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпенің міндеттілігі туралы сөз қозғалды. Кездесуде әрбір құқық бұзушылық жағдай үшін заңнамада көзделген қандай да бір жазаның мысалдары келтірілді.

Кездесу барысында айтылған сұрақтарға спикер толыққанды жауап берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"