СОЛТҮСТІКТЕН ЖЕЛ СОҒАДЫ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

Уақыты: 31.08.2022
Оқылды: 937
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті аймақта қатты жел соғатынын ескертеді.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 1 қыркүйек күні Жетісу облысында 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және келесі сақтық шараларын ұстануға шақырады:

- қатты жел соққан кезде үйде болыңыз, үйден шықпаңыз;
- үйлердің қабырғаларына, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарнама тақталарына, ағаштардың астына, салынып бітпеген ғимараттардың жанына тығылуға болмайтынын ұмытпаңыз;
- электр желілерінің астында тұруға және үзілген электр сымдарына жақындауға қатаң тыйым салынады;
- балаларды ерекше бақылау қажет және оларды қараусыз қалдыруға болмайды;
- барлық есіктер мен терезелерді жабыңыз;
- электр, газ және суды өшіріңіз;
- жел соққан кезде суға шомылуға болмайтынын ұмытпаңыз;
- егер сіздің көлігіңіз болса, ағаштардан, ғимараттар мен құрылыстардан мүмкіндігінше алыс жүруге тырысыңыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"