ҚАУЛЫ. ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

Уақыты: 14.03.2023
Оқылды: 578
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Енді қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді. Оған жұмыс барысында жолығатын түрлі сын-қатер зардабының туындайтыны себеп болып отыр.

Дәлірек айтқанда, жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленетін болады.

Бұл туралы Қазақстан республикасы Үкіметі тиісті қаулы да қабылдады.

Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды. Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және «Қазселденқорғау» ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді.

ҚР ТЖМ деректері бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ.

Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ