ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ ТАУЛАРЫНДА ҚАР БАРЫСЫ МЕН АРҚАР КАМЕРАҒА ТҮСІП ҚАЛҒАН

Уақыты: 28.03.2023
Оқылды: 1090
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Аңшылар мен аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы сирек кездесетін жануарлардың фотосы мен видеосын көрсетті.

Бұл туралы KAZ.NUR.KZ аталған қауымдастық Instagram-дағы ресми парақшасында жария еткенін айтады.

Жетісу Алатауының тауларында бірлестік қызметкерлері, зоолог-ғалымдар, қорықшылар мен аңшылық шаруашылықтардың аңшылары жануарлар ресурстарына мониторинг жүргізді.

"Мұнда аңшылық шаруашылықтар аумағында "тұрақты туризмді дамыту" жобасы аясында барыс пен басқа да сүтқоректілердің санын есепке алу жұмыстары жүргізілуде", – деп нақтылады мамандар.

Қауымдастық жұмыстың өз нәтижесін беріп жатқанын атап өтті. Сирек кездесетін жыртқыштар ондаған фототұзаққа түсіп қалған. Жиналған материалдар мамандарға беріледі. Сондай-ақ жануарларды көрнекі түгендеу жүргізілді, соның нәтижесінде жануарлардың сирек түрлері тіркелген.

Ғалымдар Қызыл кітапқа енген арқар мен аюды көргені айтылады. Жобаның CEPF және WWF халықаралық экологиялық қорларының қолдауымен жүзеге асырылып жатқаны айтылған. Сондай-ақ қызметкерлер сирек кездесетін жануарлар түсірілген кадрлармен бөлісті. 

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ