Ринат Зайытов: "жаңа парламент бір күнде жаңа мемлекет орнатпайды"

Уақыты: 29.03.2023
Оқылды: 1049
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бұндай пікірді жаңадан сайланған Парламент мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Әуелі ол бұл жеңісінің алдымен Жаратушының, сосын халықтың  қолдауының арқасы екенін жеткізген. 

- Бүгін ресми парламент мәжілісінің депутаты атандым. Әуелі- Жаратушы, сонан соң Халықтың қолдауы. Ендігі кезекте сол сенімді ақтау керек. Бұйырса, алдағы уақытта әлеуметтік желіде әрбір қадамымды Халыққа хабарлап жасайтыным анық. Саясаттанушысымақтардың айтып жатқан шала болжамдары мен негізсіз айыптарына тек іспен жауап берейін, -дейді ол.

Бұдан әрі ол бір дүниені ескеру керек екенін айтады:

- Жаңа парламент бір күнде жаңа мемлекет орнатпайды. Сондықтан кез-келген депутатты жасаған жұмысына қарап талқылауларыңызды сұраймын. Егер бізге айтар ұсыныстарыңыз болса, түсінікті тілде жазып жолдап отырыңыздар, - дейді Зайытов өз жазбасында.

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ