Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

Уақыты: 29.03.2023
Оқылды: 319
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселелері бойынша 28 наурыз күні Жетісу облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары облыстық сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменітінің қызметкерлерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Мелекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Әсембай Жандос Ержанұлы және мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Шарипова Бақытгүл Қыдырбекқызы Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіріп, мемлекеттік қызмет туралы заң шеңберіндегі қызметкерлердің құқықтарымен міндеттері бойынша ақпараттандырып, сауалдарға жауап берді.

Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі уәкіл Еділ Зайтбеков кездесу барысында аталған бағыттағы кездесулер заң бұзушылық әрекеттерінің алдын алуда жақсы тәжірбие болатынын жеткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген Жандос Әсембайға және Бақытгүл Шариповаға алғысын білдірді.

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ