Талдықорғанда қарды күшейтілген режимде тазалауда

Уақыты: 11.12.2023
Оқылды: 490
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда коммуналдық қызметтер қардың жаууына байланысты тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы хабарлайды.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 желтоқсан күні қала көшелерінің қарын күреуге 80-ге жуық жұмысшы мен 60 арнайы техника жұмылдырылды.

Ең алдымен, орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын орындар, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Айта кетейік, қала аумағынан бөлек саяжай, тұрғын үй алабтарыда қардан тазартылып, инертті материалдар себілді.

Фото: Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі