12 облыста республикалық жолдардың 61 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Уақыты: 12.12.2023
Оқылды: 377
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Күн райының бұзылуына (ауа температурасының төмендеуі, боран, жолдың көрінбей қалуы) байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Алматы обылысында – 1 учаске:
1. «Алматы-Шелек-Хоргос» 24-254 км. Арман АЖБ – Айдарлы а.ж.
(көліктің барлық түріне)

Ақмола облысында - 20 учаске:
Барлық бағыттар бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Ақтөбе облысында – 1 учаске:
1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 0-234 км, Қарабұтақ ауылынан- Қостанай облысының шекарасына дейін.
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Жетісу облысында - 3 учаске:
1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.- Достық ст.;
2. «Сарыөзек-Көктал» 45-68 км, (Алтын Емел);
(автокөліктің барлық түріне)
3. «Алматы-Өскемен» 124-558 км, Жоламан а.-Үшарал қ.
(барлық жүк автокөліктеріне)

Жамбыл обласында - 3 учаске:
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша-Бибі а.-Түркістан облысының шекарасына дейін;
2. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.- Кайнар а.
3. «Мерке-Шу-Бурылбайтал» 124-558 км. Жоламан а.-Үшарал қ.
(жүк автокөліктеріне)

Қарағанды облысында - 7 учаске:
Барлық бағыттар бойынша
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Қостанай облысында - 7 учаске:
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Маңғыстау облысында – 1 учаске:
1. «Ақтау-Құрық» 13-72 км, Ақтау қ.-Құрық а.
(барлық автокөліктер үшін)

Павлодар облысында – 2 учаске:
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Солтүстік Қазақастан облысында – 14 учаске:
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Туркістан облысында – 1 учаске:
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км. Жамбыл обл.-Машат а.
(жүк автокөліктеріне)

Ұлытау облысында – 1 учаске:
1. «Қызылорда-Павлодар» 756-788 км. Жаңаарқа шекарасы- Қарағанды обл. шекарасы
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін).

Республикалық маңызы бар автожолдарда 527 бірлік техника мен 1273 қызметкер жұмылдырылды. 626 м3 көктайғаққа қарсы материал қолданылды.

Фото: БҚО ТЖ