Жетісу облысында аялдамаларға арнайы баннерлер орнатылды

Уақыты: 12.12.2023
Оқылды: 340
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында Талдықорған қаласы әкімдігінің қатысуымен арнайы ақпараттық баннерлер орнатылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Автобус аялдамаларының витриналарында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша талаптар орналастырылды.

Онда тұрғын үй секторындағы, адамдар көп жиналатын орындардағы, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі қағидалары, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек, судағы, өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік қағидалары бейнеленген.

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі үгіттік-профилактикалық автобус аялдамалары қала әкімшілігінің сыйы екенін және азаматтар мен облыс орталығының қонақтарын барынша қамту мақсатында адамдар көп жиналатын орындарда (сауда орталықтары, базарлар, жоғары оқу орындары мен тұрғын үй алаптары) көрсетілгенін мәлімдеді.

Фото: gov.kz