Жол сапасы жақсарды

Уақыты: 12.12.2023
Оқылды: 408
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған – Өскемен республикалық күре жолы ауқымды жаңғыртудың арқасында талай рет БАҚ-та айтылды. Жол Шығыс Қазақстан облысын Абай және Жетісу облыстарымен байланыстырады. Сондықтан ол ел экономикасы мен көлік әлеуетін дамытуда үлкен маңызға ие және оған айрықша көңіл бөлінеді.

Талдықорған – Өскемен автокөлік жолының біраз шақырымға дейінгі учаскесін қайта жаңарту 2019 жылы басталды. Барлық жұмыс бақылауға алынды. Бүгінгі таңда бас мердігер Citic Constructoin Co. Ltd автокөлік жолының бәрін асфальттап, жаңа күйге енгізді. Ендігі кезекте Аягөз қаласы мен Шынқожа ауылының айналма жолдарын жабу қалды. 

Биыл құрылысшылар жол жасауда айтарлықтай жұмыс атқарды. 90 шақырымдық айналма жолдың 87,3-ін алып тастап, жаңа асфальтті бетон төсеп, 119 шақырымға көлік қозғалысын ашты және 137 шақырым төменгі жабын қабатын жасады. Нәтижесінде автокөлік жүргізушілері үшін Талдықорған қаласынан Абай облысының шегарасына дейін, сондай-ақ, Қаракөл ауылынан Аягөзге және Өскемен қаласына дейін жайлы әрі қауіпсіз жол жүру қамтамасыз етілді.

Айгүл Байжұмақызы
Фото: vlast.kz