Оқи отырыңыз
Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрді Ақордада ресми қарсы алды.
Мемлекет басшысының шығуымен рәсімнің ресми бөлігі басталды. Салтанатты іс-шараның басында құрметті қарауыл бастығы ел басшыларына рапорт берді. Президент оркестрі Қазақстан мен Мажарстанның әнұранын орындады.
Фото: көрнекілікке алынды