БАЛПЫҚ БИ - 325: ТАЛДЫҚОРҒАН ОҚУШЫЛАРЫ АҚЫЛ-ОЙМЕН САЙЫСТЫ

Уақыты: 10.10.2019
Оқылды: 1215
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Балпық бидің 325 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы мектеп оқушылары арасында «Brain-ring» зияткерлік ойыны өтті.

Жас буынның ұтқырлығы мен ұшқырлығын, шапшаңдығын, білімін көрсетуге арналған шарада 6 топ өз бақтарын сынады. Сайыс барысында 5 оқушыдан тұратын команданың мектеп намысын қорғауға келгенін әр сұрақ сайын берілген жауаптан анық аңғаруға болады. Соңғы уақытта жастар арасында жиі өткізіліп жүрген зияткерлік ойында Балпық би мен Абай Құнанбайұлының шығармашылығына байланысты  сұрақтар қойылды.

Әділқазылардың шешімі бойынша алғашқы орынды №26 орта мектебінің «Аңдас» командасы иеленсе, екінші орынды №22 орта мектеп оқушыларынан құралған «Көшбасшылар» тобы қанжығасына байлады. Ал үшінші орын Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің «Бақтыбай тайпасы» командасына бұйырды.

Аймарал ОМАР

Сурет ғаламтордан алынды