Ел бойынша қызылшаға қарсы вакцинация басталды

Уақыты: 07.11.2023
Оқылды: 1173
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Жыл басынан бері қызылшаның 12 671 жағдайы тіркелді, оның ішінде 10 563 науқас - 14 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер – 354, ересектер – 1 754, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚазаАқпарат дерегіне жүгініп. 

70% немесе 8 866 жағдай — вакцина алмаған балалар.

Оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен — 5 286, медициналық қарсы көрсетілім — 1 555, егу жасына жетпеу — 1 930, өзге себептер — 93.

Тағы 16% немесе 2 062 жағдай — белгісіз вакцинация мәртебесі бар адамдар.

Қызылша елдің барлық өңірінде көптеп тіркеліп жатыр. 

Қызылшамен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл ден қою шаралары қабылданады.

Осылайша 1 қарашада бас мемлекеттік санитар қызылшаға қарсы екпе науқанын бастау жөнінде арнайы қаулы шығарды.  

Көрсетілген қаулыға сәйкес 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап — қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жасар балаларға қосымша жаппай иммундау жасалады. 

Фото: pixabay