Жұмағұлов UFC-дегі жеңілісі үшін қанша алғаны айтылды

Уақыты: 26.06.2023
Оқылды: 806

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-9) Джексонвиллде өткен UFC on ABC 5 турнирінде америкалық Джошуа Ваннан жеңілді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Vesti.kz сайтының ақпаратына сүйеніп хабарлайды.

Промоушендегі жетінші жекпе-жегінде Жалғас төрешілер есебімен есе жіберді, бұл Жұмғаұловтың UFC-дегі алтыншы жеңілісі. 

Бұл айқас үшін Жалғас 36 000 доллар (16 миллиондай теңге) гонорар алды. Оның 30 000 доллары - негізгі гонорар, ал 6 000 доллар - ынталандыру бонусы.