Геннадий Головкин рингке оралуы мүмкін

Уақыты: 29.06.2023
Оқылды: 728

Геннадий Головкин рингке оралып, пуэрторикалық Эдгар Балангамен жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Геннадий Головкин пуэрторикалық Эдгар Балангамен жұдырықтасуы мүмкін. Ол қазірге дейін 21 кездесу өткізіп, оның 16-сында нокаутпен жеңіске жеткен.

Жекпе-жекте Головкин 15 миллион доллар табуға мүмкіндігі бар. Сарапшылар бокс кеші тартысты болады деген болжам жасады.

Айта кетейік, 2023 жылы 10 наурызда Геннадий Головкин әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартқан еді.