РЫБАКИНА ФИНАЛДА ОЙНАЙДЫ

Уақыты: 29.03.2024
Оқылды: 240

Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына шықты.


Жарытлай финалда әлемнің 4-ракеткасы жартылай финалда Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 2:1 (6:4, 0:6, 7:6) есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина финалда әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова немесе рейтингіде 53-сатыдағы америкалық Даниэль Коллинздің біреуімен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Өткен жылы Майамиде Е.Рыбакина финалға дейін жетіп, тағы бір тәжірибелі теннисші, чехиялық Петра Квитоваға жол берген еді.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы