Шабақтар құтқарылды

Уақыты: 28.10.2017
Оқылды: 1434

Жуырда №103 «Ақдала және Қаратал суармалы алқаптарында балықтарды құтқару жұмыстарын жүргізу туралы» Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бұйрығын орындау барысында, Қаратал ауданына қарасты күріш егу алқаптарында ауқымды іс атқарылды.
Үштөбе және Күшік – Кәлпе су бөлімшелер арнасында егістікті суғару жұмыстары тоқтатылуына байланысты, ағымдағы жылдың 4-қазаны мен 10-қазан аралығында «Қараталирригация» ММҚ-ның жұмысшыларымен бірлескен балық шабақтарын құтқару жұмысына Қаратал инспекциясы бөлімінің мамандары Б. Сейтжапаров, В. Цой, П. Құсаинов қатысып, құтқару жұмыстарын қадағалап бірге атқарды. Құтқарылған балық шабақтары есептеліп Қаратал өзеніне жіберілді.
Сонымен қатар, биыл Қаратал өзенінің суы мол болып тасуына байланысты, арнасынан тасып сыртқа жайылғандықтан, бөлініп қалған көлшіктерде балық шабақтары қалғандығы анықталды. Осыған байланысты қазан айында табиғат пайдаланушылар «Жусы», «Ақмарал», «Қаратал – Аквакультура» шаруа қожалығы және «Талдықорған аумақтық аңшылық және балық аулау бірлестігі» ЖШС және Инспекция балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы      В. Цойдың қатысуымен құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқарылған балық шабақтары есептеліп, аталған табиғат пайдаланушыларға бекітілген көлдеріне жіберілді.

Б. Сейтжапаров,
Қаратал инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы.