ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ ЖАСАЛДЫ

Уақыты: 01.11.2017
Оқылды: 1016

   Жаңадәуір ауылдық округінде өткен сайлауда халық белгілі кәсіпкер,  Ауған соғысының ардагері Александр Скоропадскийді аудандық мәслихат депутаттығына  лайық деп тапты.

 

Іле ауданының мәслихат депутаттығына №9 Жаңадәуір сайлау округіне кіретін Ынтымақ, Жаңадәуір, Көкберен, Тілендиев ауылдарындағы сайлау учаскелерінен 6397 сайлаушының 4713-і дауыс берді. Ауыл халқы сайлауда белсенділік танытты.
Жергілікті сайлау учаскесінде екі жыл бұрын шығып кеткен бұрынғы аудандық мәслихат депутаты Садыр Зәкіржановтың орнына үміткерді сайлау үшін 326, 327, 330, 340 және 936-шы сайлау учаскелерінде дауыс берілді. 
Александр Скоропадский аймақ тұрғындарының әлеуетін көтеруде, өнерпаздарға, балаларға қайырымдылық жасау мен демеушілік танытуда елеулі іс атқарып келген көпке үлгі азамат. Іле ауданында үш ұрпақ ескерткішін, Боралдайда Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлеріне арнап ескерткіш тұрғызған кәсіпкер. Ел дамуы жолында еңбек етіп жүрген кәсіпкерге аймақ тұрғындары зор сенім артуда. 

Мақпал МЫСА
Іле ауданы