"ТАМАҒЫ АУЫРҒАН": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ ТӨРТ АДАМ КОРОНАВИРУСПЕН ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 08.06.2020
Оқылды: 1012
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 4 дерегі тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Індет жұқтырудың 3 жағдайы - Талдықорған қаласында, 1-еуі Алакөл ауданында тіркелді. 1957, 1975, 1978 жəне 1990 жылы туған азаматтар дене қызуына, əлсіздігі мен тамақ ауруына шағымданып, медициналық көмекке жүгіну үшін "Жедел жəрдем" шақыртқан. Олар тексеріліп, инфекциялық бөлімге ауыстырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасады.

Сөйтіп, Алматы облысында  COVID-19 инфекциясының 426 жағдайы тіркелді, оның ішінде 267 адам айығып шықты.

Ал 5 маусымда тағы 9 адам тіркелді. Вирусты жұқтырған 2 адам – Қарасай ауданында, 2 адам – Жамбыл ауданында, 1 адам – Көксу ауданында, 4 адам – Іле ауданында анықталды. Олардың ішінде 4 адам бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болған. Ал 5 адам дене қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, құрғақ жөтелге шағынып, "Жедел жәрдем" қызметкерлерін шақыртқан. Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"