"БУЫНДАРЫ АУЫРҒАН": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ 8 АДАМ КОРОНАВИРУСПЕН ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

Уақыты: 15.06.2020
Оқылды: 1440
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында коронавирус инфекциясының белгілерімен тағы 8 адам тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Бұл жаңа деректердің 5-еуі - Талдықорған қаласында, 1-1-ден – Панфилов, Ұйғыр, Іле аудандарында анықталды. 1962, 1963, 1983, 1994 жылы туған әйел азаматтар мен 1949, 1971, 1981, 1984 жылғы ер адамдардың дене қызуы 38,5 С дейін көтеріліп, әлсіздікке, тамақ және буындарының ауырғанына шағымданған.

Ауру жұқтырғандардың барлығы эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша тестіленіп, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Байланыста болғандар анықталып, карантинге алынды. Эпидемиологялық тергеу жалғасуда.

Сөйтіп, 15 маусым, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус жұқтырудың 515 жағдайы анықталса, оның 316-сы жазылып шыққан.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"