ТАЛДЫҚОРҒАН ПОЛИЦИЯСЫ АУРУХАНАДА ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН АДАМДЫ ТАППАЙ ЖАТЫР

Уақыты: 23.11.2020
Оқылды: 827
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған полициясы аурухана палатасынан ұялы телефон ұрлап кеткен ер адамды іздестіреді. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында сағат 13.00 шамасында Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың терапия бөлімшесі палатасынан ұялы телефон ұрланған. Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Ол күнқағары бар қара қалпақ, көк джинсы, қара ұштары бар ашық түсті жүнмен қапталған капюшоны бар, ашық қоңыр күрте киген. Күртенің сол жақ жеңінде, қара түсті сыдырмаға түймеленетін қалталары бар. Аяғына ақ түсті спорттық аяқ киім киген.

Егер күдіктіні таныған болсаңыз, Талдықорған қалалық 60-80-66; мобильді 8-778-310-57-60 телефондары бойынша хабарлаңыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"