Бибісара Асаубаева турнирдегі жеңісі үшін 74 миллион теңгеге сыйақы алды

Уақыты: 08.03.2024
Оқылды: 602

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асауба “Аэрофлот Опен 2024” шахмат фестивалінде бірінші орын алды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жарысқа FIDE рейтингінде 2 мың 300 ұпайдан жоғары шахматшылар қатысқан. Сонымен қатар, турнирге 15 жасқа дейінгі қатысушылар да бақ сынағаны айтылады.

"Асаубаевамен бірге фестивальде еліміздің намысын Қазбек Нөгербек (18 орын), Даниал Сапенов (21), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) қорғады. Турнирге барлығы 500-ден астам адам қатысты", - делінген Қазақстан шахмат федерациясының мәлімдемесінде.

Негізгі байқаудың жүлде қоры 15 миллион рубльді (шамамен 74 миллион) құраған, оның ішінде жеңімпаз 3 миллионды (15 миллионға жуық) алған. Балалар турнирінің бұрын-соңды болмаған жүлде қоры 1 миллион рубль (5 миллион теңге шамасында) болғаны атап өтіледі.

Фото: instagram.com