Көксу ауданында балабақша ашылды

Уақыты: 15.11.2023
Оқылды: 1102
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Көксу ауданы Жамбыл ауылында 75 балаға арналған жекеменшік балабақша ашылды. 

Ғимарат 1964 жылы салынған. 2016 жылға дейін орта мектеп болған. Сол жылы Жамбыл ауылына жаңа мектеп құрылысы болып, ғимарат бос тұрған. Жеке кәсіпкер Серік Абдыкаримов 43 млн өз қаражатына ғимартты толық жөндеуден өткізіп, соңғы үлгідегі заманауи қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтаған. 

Балабақшада 27 ауыл тұрғыны тұрақты  жұмыспен қамтылған. Бүлдіршіндер жарты сағаттан аспайтын сабақтарға қатысады. 5 уақыт ыстық тамақпен тамақтандырылады. Сондай-ақ балалар үшін қосымша  хореография, спорт, музыка бөлмелері ашылған.

“Балабақша кең, жарқын, бәрі жаңа. Менің ойымша, мұнда балаларға ыңғайлы болады. Ойыншықтардың кең ассортименті бар. Біз дүйсенбіден бастап өз баламызды осында беруді жоспарлап отырмыз. Балабақшаның құны айына небәрі 10 ақ мың теңге , - деді ауыл тұрғыны Майраш Маймақова. 

Айта кетейік, Көксу ауданында 14 мемлекеттік, 2 жекеменшік балабақша бар. Онда барлығы 2005 бала тәрбиеленуде.

"Жетісу-Ақпарат"