КОРОНАВИРУС: ӘРБІР ТҰТЫНУШЫҒА 15 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМ БЕРІЛЕДІ

Уақыты: 06.05.2020
Оқылды: 1165
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында коммуналдық қызмет шығындарының өтемін алуға үміткер 171 973 азамат тіркелді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 7,5 млрд.теңге бөлінді.

Ақша коммуналдық қызметтердің 138 түрі бойынша ұсынылады. Әрбір тұтынушыға 15 мың теңгеден беріледі. Бүгінгі таңда Алматы облысының 5700 азаматы ZHETYSU.KOMEK109.KZ сайты арқылы өтініш білдірген.

- Күнделікті сайтқа түскен деректер сайттың операторы тарапынан түнгі сағат 24.00-ден кейін аудан, қала әкімдіктеріне жіберіледі. Одан кейін жергілікті әкімдіктер қызмет көрсетушілермен бірге көмек алушылардың тізімін нақтылайды, - деді Алматы облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Танекенов.

Естеріңізге сала кетейік, коммуналдық қызметтер бойынша шығындар карантин енгізілген елді мекендердің тұрғындарына екі ай ішінде өтелетін болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"