Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

МАС ЖҮРГІЗУШІНІҢ КЕСІРІНЕН ТАҒЫ БІР ОҚУШЫ ҚЫЗДАН АЙЫРЫЛДЫҚ

Уақыты: 05.04.2021
Оқылды: 392

Алматы облысында мас жүргізуші қаққан екінші оқушы да көз жұмды. Қайғылы жағдайды Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова растады.

"Мас жүргізушінің кесірінен тағы бір оқушы қыздан айырылдық", - дейді Қорам ауылының тұрғындары. Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданынының Қорам ауылында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды қағып кеткен еді. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылған. Балалар 8-9 жаста. 14 наурыз күні оқушының бірі есін жимастан көз жұмды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"