АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ӨСТІ

Уақыты: 23.07.2021
Оқылды: 1075
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында соңғы тәулікте 230 адам індет жұқтырғаны белгілі болды. Осыдан екі апта бұрын коронавируспен ауырғандар тәулігіне 100 адамнан аспайтын. Аз уақытта вирус жұқтырғандар саны екі есеге өсіп отыр. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде Ақсу ауданында – 1, Балқаш ауданында - 4, Еңбекшіқазақ ауданында - 18, Ескелді ауданында - 7, Жамбыл ауданында – 15, Іле ауданында - 25, Қарасай ауданында - 22, Қаратал ауданында - 9, Кербұлақ ауданында - 7, Көксу ауданында – 3, Панфилов ауданында – 13,  Кеген ауданында – 1, Сарқан ауданында – 10, Талғар ауданында – 28, Ұйғыр ауданында – 5, Қапшағай қаласында – 1, Талдықорған қаласында – 55, Текелі қаласында - 6 жағдайдан тіркелген.

Облыста барлығы 379 адам стационарлық ем қабылдауда. Облыстағы ауруханалар 48,6 пайызға толған. Бір тәулікте ауруханалардан 11 пациент шығарылды.

Өткен жылдың тамызынан бері анықталмаған пневмонияның 5263 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте - 11 жағдай анықталған. Олармен 10 адам байланыста болған. Барлығы медициналық бақылауда, үй карантиніне алынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"