Amanat партиясы Тоқаевқа жаңа премьер-министрдің кандидатурасына Әлихан Смайыловты қайта ұсынды

Уақыты: 30.03.2023
Оқылды: 900
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы Парламент мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақорда дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Кездесуде Мәжіліс спикері "Аманат" партиясының жаңа үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынатынын жеткізген.

Ақорда дерегінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайтыны айтылған. 

Фото: Ақорда

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ