«Ескеріңіз. Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» аясында өткізілетін республикалық сенбілік

Уақыты: 20.10.2023
Оқылды: 825
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 21 қазан Республика күні мерекесіне орай «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» аясында өткізілетін республикалық сенбілікке қатысуға шақырамыз.

Акцияға экоеріктілер, мемлекеттік, бюджеттік және жеке мекемелердің ұжымдары, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары, жеке сектор үй иелері қатысады.

 Сіздерді белсенді қатысуға және экологиялық ортаны жақсартуға үлес қосуға шақырамыз.        

 

Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасы