“Бізде мінез бар”: Бақытжан Базарбек Қошановтың ескертпесіне жауап берді

Уақыты: 20.10.2023
Оқылды: 5480
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жақында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Бақытжан Базарбекке эмоцияға салына бермеу жайлы ескерту жасаған. Осыған қатысты депутат жауап берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілілік басылмы.

"Бізде мінез бар. Біз басылмаймыз. Әрине, регламент болған соң, оны сақтау керек. Өзімде сол регламенттен шығып кеткен секілдімін. Сезінемін. Қателігім болды. Әр адам қателігін мойындағаны дұрыс. Бірақ маған берген ескерту сұрақтың өзіне емес, эмоцияға байланысты болды. Қойған сауалымды эмоциямен қойғаныма байланысты. Кішкене ұстамдылау болуым қажет. Алайда мемлекеттік саясатқа бөгет жасап жатқан, жемқорлыққа жол беріп жатқан шенеуніктер болса, принципальді тұрғыда сұрауымызды тоқтатпаймыз", - дейді Бақытжан Базарбек.

Дереккөз:  Qaz365.kz