АЛМАТЫДА МӘЙІТ ӨРТЕЙТІН ЕКІ ПЕШІ БАР КРЕМАТОРИЙ САЛЫНАДЫ

Уақыты: 08.06.2020
Оқылды: 1685
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы қаласының Алатау ауданында крематорий салынбақ. Алдын ала жоспарланған нысанның жобасы жайлы материал zakon.kz сайтына шықты.

Алматы әкімдігі крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжатын даярлауға тендер жариялаған. Техникалық сипаттамасына сай, крематорий бір залдан және екі пештен тұрады. Жобаның құжатын әзірлеуге 46,8 миллон теңге бөлінген.

Крематорий Алатау ауданындағы мәйітхананың жаңа ғимаратына жақын жерден салынады, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Айта кетейік, Қазақстандағы крематорий құрылысы туралы мәселе 1987 жылдан бері көтеріліп келеді. Бұған дейін кремация қызметіне жүгіну үшін қазақстандықтар Мәскеу, Челябинск, Барнаул және Новосібірге (Ресейге) хабарласатын. Мұндай қызметтің құны көлік түріне қарай 30 мың теңгеден бастап 100 мың теңгеге дейін жететін.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"