"700 МЫҢ ТЕҢГЕ СҰРАҒАН": АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ВЕТИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 11.06.2020
Оқылды: 1014
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облыстық аумақтық ветеринариялық инспекция басшысы пара алу күдігіне ілікті. Бұл туралы "Антикор" мекемесі дайындаған бейнематериалда көрсетілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Алматы облыстық аумақтық ветеринарлық инспекция басшысы мен аталған ведомствоның шекараға шектес бекеттерді бақылау жөніндегі бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Олар аталған ведомствоның бас маманы лауазымы қызметіне тұрғызғаны үшін 700 мың теңге көлемінде пара алу күдігіне ілікті. Тергеу амалдары жалғасуда", - делінген таратылған мәліметте. Яғни, инспекция басшысы бас маман қызметіне орналастыруға алдын ала 700 мың теңге сұраған болуы мүмкін.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"