АЛМАТЫ МАҢЫНДА ШЫҚҚАН ӨРТ ҮШ ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖАЙЫЛДЫ

Уақыты: 11.06.2020
Оқылды: 783
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге үш тонна су тасымалдайтын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы атсалысты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді.

- Өрт түні бойы сөндірілді, қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 40 адам, 8 техника, Іле ауданы әкімшілігінен 26 адам, сондай-ақ, 10 су тасушы техника, 3 бульдозер, 3 тиегіш, 5 самосвал жұмыс істеп жатыр. Өрт алаңы - 3 гектар. Ал жалпы қоқыс тастайтын алаңның аумағы 38 гектарды құрайды. Өрт орнында үздіксіз су беріліп жатыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта жану ошақтарын қайта құнарландыру және топырақпен жабу шаралары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні түс ауа Алматы облысында қоқыс полигоны отқа оранды. Тілсіз жаумен күресуге бірнеше техника, адам күші жұмылдырылды. Өрттен қоқыс полигонындағы тұрмыстық қатты қалдықтар жанып кетті. Өрт Алматы қаласынан 35 шақырым қашықтықта болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Фото - ғаламтордан