"ЖЕТІСУ" ТЕЛЕАРНАСЫНА ДИРЕКТОРДЫҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 16.06.2020
Оқылды: 1665
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Белгілі журналист, осыған дейін "Талдықорған" газетінің бас редакторы болған Данияр СЕЙСЕНБАЕВ "Жетісу" телеарнасы директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Данияр Сейсенбаев Алматы облысында туған. Білімі - жоғары. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Қазақпарат» халықаралық агенттігінде, «Қазақстан» РТРК» АҚ-да, «Жетісу» телеарнасында және Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшылығында қызмет атқарған. Алматы облысы және Талдықорған қаласы әкімдерінің Алғыс хатымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

2008 жылы «Жетісу» телеарнасындағы «Шашу» және «Биле-биле» бағдарламаларының продюсері; 2009 жылдан жаңалықтар бөлімінің тілшісі, бас редакторы болды.

2017 жылдан бастап осы күнге дейін "Талдықорған" газетінің бас редакторы болып еңбек етті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"