ТАЛҒАР АУДАНЫНДА БІР АЙҒА ЖУЫҚ ІЗДЕУДЕ БОЛҒАН ЖАСӨСПІРІМ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 21.08.2020
Оқылды: 774
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талғар полицейлері шілде айының соңында белгісіз бағытта кеткен 16 жастағы жасөспірімнің мекенжайын анықтады. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тексеру барысында баланың анасы ұлын өзі келеді деп сенгені және өзі іздеп табуға тырысқаны белгілі болды. Анасының өтініші негізінде ұйымдастырылған іздеу шаралары барысында жасөспірім табылып, анасына табысталды.

- Жоғалған бала осы уақытқа дейін досының үйінде болған. Жасөспірім бұған дейін де үйінен кетіп жүрген. Ол біздің арнайы есепте тұрған болатын. Қатесін мойындап, түзелмегеніне байланысты оны тағы да есепке қойып, бақылауға алу мәселесін көтеріп отырмыз. Жасөспіріммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - дейді Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Қасым.

Табылған баланың жақындарымен де тиісті жұмыстар жүргізіліп, өкінішке әкеп соғатын жағдайлардың алдын алу мақсатында жасөспірім үйден кетсе, полицияға жедел хабар берудің тиімді әрі іздеу жұмыстарының нәтижелі болатынын ескертті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан