"ЗАҢДЫ ӨРЕСКЕЛ БҰЗҒАН": КӨЛІКТІ МАС КҮЙІНДЕ ЖҮРГІЗГЕН ТАҒЫ 16 АДАМ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 27.08.2020
Оқылды: 900
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысы аумағында тамыз айының ішінде бір мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Ең өрескел құқықбұзушылықтың бірі – мас күйде көлік құралын жүргізу.

Жол сақшылары көлікті мас күйінде жүргізген 16 адамды ұстады. Сондай-ақ, жылдамдықты арттырудың – 97, қауіпсіздік белдігін пайдаланбаудың - 143, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің – 18, жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауының – 116 дерегі тіркелді.

- Жол сақшыларының қызметіндегі басты міндет – жол қауіпсіздігі. Жол-көлік оқиғаларына талдау жүргізу барысында бөлімшелердің жол ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау және оған жол бермеу бойынша атқарған жұмыстарының нәтижесін көруге болады. Қазіргі уақытта жеке құрам күшейтілген қызмет атқару түріне көшірілгенін атап өткім келеді, - деді Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Серік Жүнісбеков.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындау қажеттілігін тағы бір мәрте ескертеді, өйткені, қауіпсіздік шаралары жүргізушілер мен олардың жолаушыларының өмірі мен денсаулығының кепілі екені анық.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан