Көркем жүзу: Қазақстан құрамасы әлем кубогында чемпион атанды

Уақыты: 08.04.2024
Оқылды: 393

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде чемпион атанды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, акробатикалық бағдарламада біздің спортшылар жарыс қожайыны Қытай құрамасынан да көп балл жинап, бас жүлдені қанжығасына байлады. Біздің команда 2 күн бұрын техникалық сайыста қолаға ие болған.

Жарыс қорытындысы:

1-орын - Қазақстан (213.7801). Команда сапындағылар – Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Анна Павлетцова, Жвклин Якимова, Жәния Жиенғазы;

2-орын - Қытай (205.0300 балл)

3-орын - Аустралия (196.6266 балл)

Бұл – ұлттық құраманың Қытай астанасындағы жарыстағы 5-жүлдесі.

Фото: Халықаралық су спорты түрлері федерациясы