ЖЕМШӨП ЖЕТКІЛІКТІ

Уақыты: 15.02.2024
Оқылды: 295
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жаз мезгілінде қыстың қамын жан-жақты ойлаған көксулықтар қыстан қысылмай шығады. Себебі, аудан бойынша барлық төрт түліктің бір жарым жылдық азығына 113,9 мың тонна шөп дайындалған.


Аудандағы шаруа қожалықтары мал азығын дайындауға ерекше көңіл бөледі. Жалпы, аудан бойынша қысқа 53,6 мың ірі қара,  222,1 мың қой-ешкі, 25,9 мың жылқы және 208 түйе қарауға алынды. Аудандық ауылшаруашалық бөлімі мамандарының айтуынша, төрт түліктің жемшөбіне дайындалған сүрлем, пішендеме, жем, сабан көк шыққанша артығымен жетеді. 

Шалғайда жатқан қыстауларға қатынайтын жолдар ашық. Жемшөп жеткілікті. 

Еңлік БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
Көксу ауданы