МАЛ САНЫ АРТАДЫ

Уақыты: 03.04.2024
Оқылды: 296
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Ауылшаруашылығының маңызды саласы – мал шаруашылығы екені сөзсіз. Ата-бабамыз бұл кәсіп түріне ерекше мән берген. «Жесең – ас, кисең – киім» деп төрт түлікті ғасырлар бойы тіршілігіне басты таяныш етіп келгендігі де сондықтан.


Облыста биыл мал басының саны 2,5%-ға өседі деп күтілуде. Ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде 278,1 мың бас ірі қара, 128,1 мың бас жылқы, 1,7 мың бас түйе, 887,0 мың бас ұсақ мал бар.

Мал басының артуына және ет пен сүт өндірісінің ұлғаюына мемлекеттік қолдаулар игі ықпалын тигізіп отыр. Мәселен, мемлекеттік бағдарламалар аясында 1140 сүтті ірі қара мал сатып әкелу жоспарланған. Облыстың мал шаруашылығын субсидиялауға осы жылға 6,8 миллиард теңге бөлінді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ