Бозымбаев Президент кеңесшісі болып тағайындалды

Уақыты: 04.09.2023
Оқылды: 1097
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Президент кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

1994-1997 жылдары – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі;

1997-1998 жылдары – жекеменшік компанияның экономика мәселелері жөніндегі директоры, ҚР Экономика және сауда министрлігі аумақтық саясат бөлімінің бастығы, Қаржы департаментінің бастығы, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ экономика жөніндегі вице-президенті;

1998-1999 жылдары – ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры;

1999-2000 жылдары – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі;

2000-2001 жылдары – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

2001-2008 жылдары – «КЕGОК» ААҚ бірінші вице-президенті, президенті, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқарудың қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы;

2008 жылдан – KEGOC акционерлік қоғамының президенті;

2009-2013 жылдары – Жамбыл облысының әкімі;

2013-2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі;

2016-2019 жылдары – ҚР Энергетика министрі;

2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;

2021-2022 жылдары Алматы облысының әкімі болды. 

«Құрмет» (2005), «Парасат», «Барыс» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Астанаға 20 жыл» (2018) медалімен марапатталған.