МЕКТЕПТЕ АҚША ЖИНАУ ДЕРЕГІН КӨРСЕҢІЗ, 1424 ТЕЛЕФОНЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!

Уақыты: 23.08.2021
Оқылды: 1583
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті білім беру мекемелерінде ақша жинау фактісі болған жағдайда 1424 Call-орталығына хабарласуды сұрайды.

Жаңа оқу жылының жақындап қалуына байланысты мектептер мен балабақшаларда ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақшалай қаражат жинау мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан, барлық азаматтардың бұл мәліметтен хабардар болуы өте маңызды.

Білім беру мекемелерінде ақшалай қаражат жинау заңмен тыйым салынғанын еске сала кетейік. Сол себепті, ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау, сондай-ақ, басқа да жемқорлық фактілері орын алса, 1424 Call-орталығының телефонына хабарласу керек. Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралып, қажетті шаралар қолданылады.

Шағымданушы білім беру мекемелеріндегі жемқорлық фактісі бойынша әлеуметтік желі (үстінен басыңыз) арқылы департаменттің жеке аккаунттарына тікелей жүгіне алады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті

Сурет - ғаламтордан