"17 мың теңгеге дейін айыппұл": Қоғамдық орындарда түкіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр

Уақыты: 14.09.2023
Оқылды: 840
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Елімізде қоғамдық орындарда түкіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. Бір ғана Астанада көшеде жүріп, түкіргені үшін мыңнан артық адам жазаланған. Оларға жалпы сомасы 49 миллион теңгеге айыппұл салынған.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы 31 телеарна дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Полицейлердің мәліметінше, көшеде түкіретіндер әсіресе елордадағы базарлардың маңында жиі кездеседі. Көбі автокөлік тұрақтарында немесе аялдамаларда көлік күтіп тұрған азаматтар екен. Тіпті, саябақтарда ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып түкіретіндер көп. Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзғандадың барлығын бейнебақылау камералары арқылы анықтап, жауапкершілікке тартқан.

Айта кетейік, қоғамдық орындарда түкіргені үшін және белгіленбеген орындарда қоқыс лақтырған үшін 17 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Құқық бұзушылық қайталанса айыппұл сомасы екі есе өседі.

Фото: көрнекілікке алынды