АУЫЛ МАҢЫНАН 21 ЖАСТАҒЫ БОЙЖЕТКЕННІҢ ӨЛІ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 24.08.2020
Оқылды: 1060
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды.

Zakon.kz сайтының Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, қыздың денесі сағат 16.00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының Өрнек ауылы маңындағы жазық даладан табылған, марқұмның денесінде зорлық белгілері де бар.

Бір күн бұрын 99 жылғы қыздың туыстары полицияға оның жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Полицейлер іздестіру шараларын жүргізді.

Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"