АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЗАҢДЫ ПЫСҚЫРМАҒАН БАЛЫҚШЫЛАР ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 23.11.2020
Оқылды: 1059
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Балқаш көлінің Алматы облысы аумағында 650 келі балық аулаған браконьер ұсталды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, бір апта ішінде тәртіп сақшылары браконьерлерден 800 келіден астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы, 3-бөлігі, 5-тармағы бойынша тіркелген балықты заңсыз аулау дерегі бойынша Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының 36 жастағы тұрғынынан құқық қорғау органдары моторы бар пластикалық қайықты, 1000 метр мононитті Қытай желілерін, 79 келі балықты тәркіледі. Аталған қылмыстық іс сотқа жолданды.

Балқаш ауданының Қарой ауылында 52 жастағы жергілікті тұрғыннан да 650 келі балық тәркіленді. Аталған дерек  ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы, 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"